«Өз үйім өлең төсегім» демекші, басыңда жеке баспанаң болғанға не жетсін. Баспанаң болмаса пәтер жалдайсың. Егер шамамыз жетсе, бірнеше жылға несие рәсімдеп, қарызданып-қауқаланып пәтер сатып аламыз. Үйсіз-күйсіз жүрген күнімізден, бар тауқыметтен құтылдық деп ойлаймыз. Алайда, жаңа үйге көшкендердің басты проблемасы қоныс тойынан кейін басталады екен. Бұған біз тілдескен жаңа аудан тұрғындары куә.
"Жертөлені су алған, аула автотұраққа айналған, үйлер сапасыз салынған. Бір пәтердегі көршінің сөйлегені екінші пәтерге анық естіліп тұрады", дейді күйінген тұрғындар.
Standard.kz порталының тұрғындары Алматы қаласындағы жаңадан ашылған Наурызбай ауданындағы шағын аудан тұрғындарымен тілдесікен еді.
Фото Almaty.tv.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через