Биыл шыққан астық ішкі қажеттілікті жабуға жете ме?

Биыл шыққан астық ішкі қажеттілікті жабуға жете ме?

     Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев хабарлады. Ол өз сөзінде биыл астық өнімділігі былтырғыға қарағанда төмен екендігін алға тартты.

     Астық бойынша бізде шамамен 16 млн теңге өнім шығады деп жоспарлап отырмыз. Өнімділік деңгейі орташа. Жалпы өнімділік 10 центнер көлемінде деп айтуға болады. Қазіргі уақытта жиналған көлем ішкі қажеттілікті жабуға жеткілікті деп сенімді түрде айта аламын. Ал ішкі қажеттіліктер дегеніміз – нан мен азық-түлік өнімдеріне қажетті тікелей тағамдық бидай, - деді Ауыл шаруашылығы министрі.

     Оның айтуынша, тұқымдық материал ретінде 2 млн тонна астық жұмсалады. Сондай-ақ мал шаруашылығына да қарқынды түрде қолданылады.

     Сәйкесінше, экспорттық әлеуеттің көлемі астық теңгеріміне кіретін 3 млн тоннаны есепке алады. Біздің сараптамалық әлеуетіміз шамамен 6,5 млн тоннаны құрайды, - деп отыр Ербол Қарашөкеев.

 Мәтіндегі ақпарат туралы