Биыл бидай да, ұн да мол болады

Биыл бидай да, ұн да мол болады

Ішкі нарыққа жылына шамамен 6-7 миллион тонна астық қажет. Ал биылғы өнім одан екі есе көп болады дейді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Күзде қамбаға 18 миллион тоннадан аса астық жиналады деп жоспарланған. Оның 13 жарым миллион тоннасы – бидай.

Былтырғы жиым-терімнен 2 жарым миллион тонна бидай қалған. Осының бәрін есептей келе, министрлік оптимистік болжам жасады. Ішкі нарықты да толтырып, экспортқа да шығарамыз деп дайын отыр. Жалпы қазір жаппай егін жинау жұмысын бастауға ауыл шаруашылығы өндірушілері барлық қажет техниканы дайындап іске кіріскен. «Мол өнім дүкендегі нан бағасына да оң әсер етеді» - деп сенеді министр Ербол Қарашөкеев.

Бидай тапшылығы, ұн тапшылығы болады деуге еш негіз жоқ. Бұл – біріншіден. Екіншіден – жоғары сортты ұн бағасы өсуі мүмкін деген мәселе. Қазір нарықта бидай бағасы төмендеп жатыр. Екі жарым ай бұрын, өздеріңіз білесіздер, бидай бағасы 175-180 теңгеге дейін шарықтап кеткен. Қазір Ресей тарапының экспорты ашылып, бізге 1,2 тонна бидай экспортталады деген болжаммен өзіміз оңтүстіктегі бидай науқанын бітірдік. Жинап алдық. Қазір солтүстікте жаппай астық жинау басталды. Ербол Қарашөкеев, Ауыл шаруашылығы министрі.

Фото: agroru.net