фото: syrboyi.kz
Нарықтағы баға сұранысқа қарай түзілетіні белгілі. Былтырғы желтоқсанда пәтер бағасы бойынша Астана көш бастады. Бұдан кейін Алматы, Шымкент мегаполистері мен мұнайлы Атырау және Ақтау қалалары орналасқан. Еліміз бойынша пәтердің орташа бағасы әр шаршы метріне 494 898 теңге сомасында қалыптасты.
Ал биыл баспана күрт қымбаттамайды
Айбар Олжай, сарапшы: - 2024 жылы тұрғын үй нарығында, менің ойымша әсіресе, екінші нарық, жаңағы қолданбалы пәтерлерді сату-сатып алу нарығында көбірек белсенділік болады. Бірақ, ол өз кезегінде үлкен бір тұрғын үй бағасының өсуіне алып келеді деп айту қиын. Біздің инфляция деңгейімен шамалас өсу 3, мысалы, одан төмендеу кішкене 2-3 пайыз деңгейінде алға жылжитын сияқты.
Сарапшының айтуынша, өткен жылдарға қарағанда биыл баға көтерілуі баяулайды. Сондықтан баспаналы боламын дегендерге осы уақытты сәтімен пайдалануға кеңес береді. Ал қолданыстағы үйге деген сұраныстың артуын жаңа салынып жатқан үйлердің құрылысынан табылып жатқан кемшіліктермен түсіндіреді.
Бұдан бұрын Астана және басқа бірқатар өңірлер әкімдігі кейбір тұрғын үй құрылысын заңсыз деп тауып, сүруге нұсқау берген-ді. Мұны көріп отырған халық енді құжаты түгел, толық салынған үйді алуға ұмтылатыны анық.
Үйдің бағасына құрылыс материалының құны да әсер етеді.
Үкімет саладағы отандық өнім үлесін арттыруға күш салып отыр. Бұл үшін құрылыс материалдары өндірісін күшейту қажет. Осы орайда 2027 жылға дейінгі жол картасы бекітілді. Мұнда жалпы құны 1 триллион 8 млрд теңге болатын 270 жоба қамтылды. Былтыр 41 жоба іске қосылды. Олардың арасында Қарағанды облысындағы әк өндіретін және Астанадағы асфальт-бетон зауыттарын атап өту керек. Сондай-ақ Абай облысында цемент кәсіпорны қайта іске қосылды. Ал жақын уақытта Шымкентте 3 өндіріс жұмысын бастайды.
Дереккөз 24.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через