Биыл 20 мың сарбаз әскерге шақырылады

Биыл 20 мың сарбаз әскерге шақырылады
фото: pixabay.com

Биыл көктемде 20 мыңнан астам қазақстандық әскерге шақырылады. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нақтырақ айтсақ, Қарулы Күштерге 9 мың, Ұлттық ұланға 6 мың, Шекара қызметіне 3 мыңға жуық, ал Төтенше жағдайлар министрлігі мен мемлекеттік күзет қызметіне 300 адам қабылданады. 

Борышын өтейтін азаматтарға арнайы кредиттік демалыс қарастырылған. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше сарбаздар арасында 14 мыңнан астамында несие бар. Олардың жалпы қарызы 6 млрд теңге. Айта кетейік, әскерге шақырылғандардың тізімінде запастағы офицерлерде бар. Олар жетіспейтен мамандар қатарын толықтырады.
 

Руслан Жангулин, ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы:

Жалпы саны биыл 752 запастағы офицерді біз әскер қатарына шақыруды жоспарлап жатырмыз. Олар 2 жыл мерзімге шақырылатын болады.Жалпы негізі былай айтатын болсақ әскери оқытылған резервті толықтыру мақсатында шақырылады. Ал қандай мамадықтар десеңіз байланысшы мамандығы бар, психолог мамандықтары болуы мүмкін.