Бірқатар созылмалы ауруларда кейбір дәрі-дәрмектерді тегін алуға болады

Бірқатар созылмалы ауруларда кейбір дәрі-дәрмектерді тегін алуға болады

Олардың тізбесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылады және аурулары мынадай топтарға жататын адамдарға ұсынылады:

– қанайналым жүйесі;

– тыныс алу ағзалары;

– ас қорыту ағзалары;

– қан, қан түзетін органдар және иммундық жүйе проблемалары;

– инфекциялық және паразиттік аурулар;

– эндокриндік жүйе, зат алмасуының бұзылуы;

– тірек-қимыл жүйесі және дәнекер тін;

– несеп-жыныс жүйесі;

– жаңа өсіпелер;

– орган трансплантациясынан кейінгі қолдау;

– психикалық бұзылулар және мінез-құлық бұзылулары;

– паллиативті көмек және т.б.

Бұл тізіммен өзіңіз де таныса аласыз, сондай-ақ осы немесе басқа жағдайда не қажет екенін дәрігеріңізден сұрай аласыз.

Аурулар кезінде ұсынылатын барлық тегін препараттардың толық тізімі «Белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесінде» қолжетімді.

Ақпарат дереккөзі

 

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз