фото: Izquierdazo.com
Шетелдік БАҚ беттерінде Головкиннің кәсіпқой боксқа қайта оралуы туралы түрлі қауесет желдей есіп жүр.
Мексикалық Izquierdazo.com сайты 41 жастағы бұрынғы Әлем чемпионы Геннадий Головкин мансабын аяқтауы мүмкін екенін жазды.
Бұрынғы Әлем чемпионы GGG өткен жылдың 17 қыркүйегінде мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестен жеңіліп қалған болатын. Трилогиялық жекпе-жекте ұпай санымен қарсыласына есе жібергеннен кейін отандасымыз шаршы алаң төрінде қайта төбе көрсеткен жоқ.
Шетелдік БАҚ беттерінде Головкиннің кәсіпқой боксқа қайта оралуы туралы түрлі қауесет желдей есіп жүр. Бокс мамандары мен сарапшылар оның шаршы алаңға оралмайтынын және 41 жасында бокс қолғабын шегеге ілетінін болжап отыр.
Десе де жерлесіміздің өзі бұл туралы әлі сөз қозғаған жоқ.
Дегенмен Генамен жекпе-жекке шығуға әлі де үміттеніп жүрген боксшылар көп. Бірнеше ай бұрын GGG Хайме Мунгуияның таяудағы басты қарсыластарының бірі ретінде аталған. Күні кеше онымен Джон Райдер жұдырықтасқысы келетінін айтты. Бірақ Головкин бокстағы болашағы туралы әлі ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ, - делінген мақалада.
SN.KZ
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через