фото: bizmedia.kz
Атырау облысының Кенбай ауылындағы мектеп жалғыз оқушыға бола істеп тұр. 3-сыныпқа баратын бір балаға бес мұғалім сабақ береді екен. Жалғыз оқушысы бар мекемеде одан бөлек 15 маман қызмет етіп жатыр, деп хабарлайды Standard.kz порталы.
Бірнеше жыл бойы санаулы балаға сабақ беріп келген білім мекемесін "биыл жабамыз" депті, бірақ тұрғындар мектеп жабылса, ауыл құриды деп қорқып отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
"Күйеуімнің жалғыз жалақысымен кәмелетке толмаған төрт баламен қалада тұра алмаймын. Сол үшін осы жерде тұрып жатырмын. Мен ауылым деп шырылдап отырмын. Сол үшін мектепті жаппауын талап етемін. Бала жоқ, бала жоқ дейді. Бер жағында өсіп келе жатқан 10 шақты бала бар. Мектеп жоғалып кетсе, біздің ауыл құриды". Айсара Әбезбаева
Бүтін бір ауылды асырап отырған мектепті жаппауды сұраған кенбайлықтар жергілікті билік елдімекенге көңіл бөлуі керек дейді. "Өсіп келе жатқан өзге балаларды қалаға қаңғыта алмаймыз" деп отыр. Сондай-ақ шенеуніктер бұл мектептің жөндеу жұмысына осыдан үш жыл бұрын 30 миллион теңге жұмсапты.
Оған қоса, ауылға газ құбырын жүргізуге 2 миллиард теңге тағы бөлінген. Соншама қаржы жұмсалып жатқан елдімекен тұрғындары тентіреп кетуден қорқады. Ал білім басқармасы "Бір бала үшін бір мекеме ұстап отыру тиімсіз" дейді.
Қаржы жағынан алып қарағанда, бір балаға бірнеше қызметкер ұстап, бір мектепті ұстап тұру қиын. Халықтың ұсыныс-пікірін ескеріп, әрі қарай мәселені дұрыс шешуге талап қойғалы отырмыз".Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова
Дереккөз ktk.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через