фото: sputnik.kz
Кентау қаласында №23 орта мектептің 5-сынып оқушысы Аружан Смайл "Қара жорға" биін билейтін робот ойлап тапты.
Аружан Оқушылар сарайындағы робототехника үйірмесіне қатысады. Жас өнертапқыш тәлімгерінің жетекшілігімен биші құлтемір жасады.
"Басты мақсатымыз – "Арқан тарту", "Көкпар", " Теңге алу" секілді қазақтың ұлттық ойындарын техникалық саламен ұштастыру және өскелең ұрпақтың қызығушылығын арттыру, оларға жол ашу",– дейді тәлімгер Ақниет Елемесова.
Оқушы қыз "Қара жорға" билейтін ерекше роботты Наурыз мейрамында көпшілікке көрсетті.
Аружанның айтуынша, үйірмеге алғаш қатысқаннан кейін робототехникаға деген қызығушылығы артқан. Ол ұлттық дәстүрлерді насихаттауға бағытталған жоба жасағысы келіп, ойын жүзеге асырды.
Аружан робототехникада ғана емес, жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндерден де озат оқушы.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через