Белгіленбеген жерде кәуап пісіріп, самаурын қайнатсаң айыппұл төлейсің

Белгіленбеген жерде кәуап пісіріп, самаурын қайнатсаң  айыппұл төлейсің

            Түркиядағы жағдай қайталанбас үшін еліміздегі төтенше жағдайлар қызметі мен орман шаруашылығы тау мен курортты аймақтардағы бақылауды күшейтті. Карантин талаптары қатаңдатылғандықтан, демалыс күндері табиғат аясында тынығатындар көбейген.

             Карантин қайта күшейтіліп, ойын-сауық орталықтары жабылғандықтан таза ауада тыныстауға шығып жатқан халық санында шек жоқ. Арасында ережені елемей, талапқа тиянақ танытпай жатқандары да көп. Далалы жерлердегі алапат өртке көп жағдайда адами фактор себеп. Демалушылардың бірі тыйым салынған орында от жақса, енді бірі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа рұқсатсыз кіреді. Бұған қоса отырған жерін жинамай, қоқыс тастап, айналаны да ластауда. Осылайша демалыс маусымы басталғалы күн сайын дәл осындай 4-5 заң бұзушылық тіркеліп жатыр. Оларға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 291 700 теңге айыппұл салынады.