фото: https://sputnik.kz
Бейнежазбаларды қайта тексеруден соң 137 түлек грантынан айырылды
ҰБТ кезіндегі бейнежазбаларды қайта қараудың нәтижесінде 137 түлек грантынан айырылды. Бұл туралы тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты.
ҰБТ-2022 аяқталса да, орталықта бейнежазбаларды тексеру жұмысы әлі де жалғасып жатыр.
"Қазіргі таңда бейнежазбаларды қайта қарау қорытындысы бойынша 153 тестіленушінің ҰБТ нәтижесі жойылды. Олардың 137-сі білім беру грантының иегерлері. Тиісті шараларды қабылдап, ереже бұзушылардың грант туралы куәлігін жарамсыз деп таныдық",- дейді Емелбаев.
Ал тест өткізген қызметкерлерге қатысты қызметтік тексерістер басталды. Мемлекеттік органдарға хаттар жолданды. Ондай мамандар жұмыстан шығарылуы мүмкін.
Айта кетері, биыл 327 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттармен ұсталып, тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған болатын. Бұдан бөлек, тестілеудің үстінде ереже бұзған 322 адам аудиториядан шығарылды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через