фото: https://sputnik.kz
Баянауылда сапасыз салынған үйдің тұрғындары шу шығарды
Баянауыл ауданының Майқайың кентіндегі жаңа үйдің тұрғындары шу шығарды.
Айтуларынша, баспаналар өте сапасыз салынған. Бөлме аралық қабырғасы- гипсокартон дейді.
Тіпті, кейбір үйлердің қабырғасы тесіліп қалған. 5 баланың анасы Гүлнәр Әбижанованың бұл үйге көшіп келгеніне небәрі 1 ай болыпты. Алайда, үйдің қабырғасы жарылып, есіктің жақтауы опырылып жатыр.
"Тіреу жоқ ертең бәрі құлап кетуге мүмкін. Бұл үй әу баста орталық жылу жүйесіне қосылуы тиіс болған. Бірақ, ол орындалмаған" , - дейді ол.
Әр үйге жеке пеш орнатылыпты. Онымен пәтерді жылыту мүмкін емес дейді тұрғындар.
10 пәтерлі 5 үйдің құрылысына қазынадан 100 млн теңге жұмсалынған. Десе де үйдің сапасы тұрғындардың көңілінен шықпайды.
Баспананың сапасыз салынғанын айтып, қоғамдық бірлестік өкілдері де әкімдікке бірнеше мәрте хат жазыпты. Алайда, одан да нәтиже шықпаған.
"Үйдің ішінде бір қабырға жоқ кірпіштен салынған. Енді үстіндегі жабуын қарасаңыз бетонный плиталар. Сонда сұрақ туындайды. Бұның тіреуіштері жоқ, кірпіш жоқ ешқай жерде. Сонда жанағы жабылған плиталардың тіреулері қайда? Ертең оған кім кепілдік береді? Құлап кетпейтініне, ортаға түспейтініне. Үйді салғандар да, оны қабылдап алған әкімдік өкілдері жауапкершілікке тартылу керек" - дейді тұрғындар.
Ал аудан атқамінерлері мәселені шешеміз дегеннен басқа жарытып жауап бермеді.
"Үйге кірдік барлығы жаңа. Бәрі тұр. Содан кейін сатып алдық. Линолиумның жұқа екенін біз қайдан білдік. Кісілер кіргеннен кейін ғана осындай проблемалар шығып жатыр", - дейді Баянауыл аудандық экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы Абылайхан Белгібаев.
Әкімдік сапасыз салынған үйді қалпына келтіруге демеуші іздемек. Ал оның табылар табылмасы белгісіз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через