Еліміздің барлық аймағында өртке қарсы оқу-жаттығу басталды. Абай облысындағы өрттен кейін өзге өңірлер де сақтық шарасына кіріскен. Тіпті орманы жоқ Ақтөбе облысының өзінде жаттығу ағаш алқаптарының арасында өтті.
Ақтөбедегі құтқару қызметі Қарғалы ауданындағы Әлімбет ауылына түгел жиналды. Бұл маңда егістік алқаппен қатар тал-терек те көп. Жаттығу сценариімен шойын жол бойындағы пойыздан ұшқын шығады. Соның кесірінен далалықты өрт алып, орманды алқапты жалын шарпиды. Осы жаттығуға 300-дей өрт сөндіру қызмектері мен 70 техника жұмылдырылған. Төтенше жағдайлар департаменті Ақтөбе облысында қазір өрт сөндіретін 81көлік пен 5 пойыз бар деп отыр.
Ну орманы көп Алматыда төтенше жағдай департаментіндегілер тауда от жаққандарды анықтап жатыр. Әсіресе табиғи парк аумағында кәуап пісіріп, қазан аспақ болғандарға миллион теңгеден аса айыпұл салған.
Шығыс Қазақстан облысындағы құтқарушылар ауыл-аймақ пен қала шетіндегі көшені атпен аралап жүр. Демалушыларға өрт қауіпсіздігі туралы ескерту жасалып, от жаққандар ұсталса, оны жазалап жатыр. Аталмыш рейдте 35 адам әкімшілік жазаға тартылды.
Дереккөз ktk.kz. Фото dknews.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через