Банктер бүгіннен бастап жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдайды

Банктер бүгіннен бастап жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдайды

Азаматтардан құжаттарды екінші деңгейлі бес банк қабылдайды. Жеңілдетілген автонесие бастапқы жарнасыз, 4 пайызбен, 7 жылға бөліп төлеуге беріледі. Ал автокөлік құны 10 млн теңгеден аспауы қажет. Одан асқан жағдайда несие алушы қосымша қаражатты қалтасынан шығаруы тиіс. Ал таңдалған көліктің бағасы 15 млн. теңгеден аспауы қажет.

Қазір револьверлік негізінде 88 млрд теңге бар және ол айналымда.

Автонесиені екінші деңгейдегі банктер береді.

Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін министрліктермен міндетті шарт көзделген. Оған сәйкес екінші деңгейдегі банктерде қарыз алушыларға қаржыландыруды ұсынудың мәртебесі мен мерзімін қадағалайтын автоматтандырылған жүйе болуы тиіс.

Сондай-ақ қарыз алушыға екі жылдың ішінде бір реттен артық автонесие алуға тыйым салатын шектеу енгізілген.

Фото: ainews.kz