фото: ашық көздерден
Бангладеш астанасы Дакка маңындағы Савар және Ашулия ірі өндіріс орталықтарындағы 130 дайын киім фабрикасы белгісіз мерзімге дейін жұмысын тоқтатты.
Оған жұмысшылардың жалақысын көтеруді талап етіп, тоқтаусыз болып жатқан наразылығы себеп болды.
Өндірістік полиция басқармасының басшысы Мохаммад Сарвар Алам журналистерге жұмысшылардың бір бөлігі бұрынғыша жалақының кемінде 23000 така /209 АҚШ доллары болуын талап етіп жатқанын айтты.
Үкімет сейсенбі күні жалақыны 56 процентке көтереміз деп мәлімдегеніне қарамастан, жұмысшылар наразылығын тоқтатпады.
Қарсылық шаралары автокөлік пен фабрикаларды бүлдіру секілді бұзақылыққа, Дакка мен оның маңындағы жұмысшылар мен полиция арасындағы қақтығысқа ұласты.
Тігін фабрикасында жұмыс істейтін әйел Даккаға жақын маңдағы Газипур округі Конабари ауданында жалақыны көтеруді талап еткен наразы топ пен құқық қорғаушылар қақтығысы кезінде қаза тапты.
Дереккөз inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через