Балқаш көлі Каспи мен Аралдан кейінгі ірі су айлағы саналады. 18 мың шаршы шақырым аумаққа жайылған көлдің Жетісудың ауа райы мен экологиясы үшін орны орасан. Сондықтан да Балқаш көлінің болашағы адамдарды бүгіннен алаңдатып отыр. Өйткені, өңірдегі су ресурстарының азаюы аталған көл үшін өте қауіпті. Көл деңгейінің өзгеруі бірінші рет емес, өткен ғасырдың 70-80 жылдары да құбылыстар байқалған.
Экология министрлігі отандық ғылыми мекемелермен бірлесе отырып, Балқаш көлінің деңгейін көтеру, тұрақтандыру бағдарламасын жасауда. Басты мақсат Іле өзенін тиімді пайдалану, өзеннің бастауына иелік ететін Қытай елімен бірлескен келісімшарт жасау туралы айтылды. Оған қоса көлдің деңгейі терең зерттеуді талап етеді.
Трансшекаралық аймақтағы суды бөлісу мәселесі алты жылдан бері айтылып келеді. Өйткені, Іле өзені арқылы келетін су деңгейін тұрақтандыру Балқаш көлін сақтап қалудың бір жолы. Сондықтан келісімшарт бірінші қарекет болмақ. Сондай-ақ, ауылшаруашылығына қажетті суды тиімді пайдалану мәселесі кейінге қалдырылмауы тиіс.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через