Балаңыздың қосымша сабағына қанша теңге жұмсайсыз?

Балаңыздың қосымша сабағына қанша теңге  жұмсайсыз?

Қазақстандық ата-аналар жаппай репетиторлар іздеуде. Жақсы деген мұғалімдерге кезек кейде бірнеше айға жоспарланады. Неліктен ата-ана баласын қосымша сабаққа береді? Қандай мамандар жетіспейді? Педагогтардың айтуынша, соңғы екі жылда физика, химия, математика, сондай-ақ биология сияқты нақты ғылымдарды үйрететін репетиторларға сұраныс күрт артқан. Сондай-ақ, тілдерді оқытатын мұғалімдер де сұранысқа ие. Әсіресе қазақ тілін оқытатын мұғалімдер өте аз. Жақсы мамандарға жазылу кезекпен, жоспарлы түрде болады. Бүгінгі күні репетитордың сабағы сағатына 1 мың теңгеден 12 мың теңгеге дейін болып отыр. Бір пән бойынша бір айлық төлем – орта есеппен 30 мың теңге. Онлайн курстар сәл арзан. Ең қымбат және сұранысқа ие оқытушылар – физика, биохимия және қазақ тілі мамандары. Яғни айына бірнеше мұғалімді жалдайтын болсақ, ата-аналар бір балаға шамамен 100 мың теңге төлеуге мәжбүр болады. Ал сіз ше балаңыздың қосымша сабағына қанша теңге жұмсайсыз?