Балаларға «қазақша сөйлеңдер» деген бапкерге жаңа қызмет ұсынылды

Балаларға «қазақша сөйлеңдер» деген бапкерге жаңа қызмет ұсынылды
фото: https://turkystan.kz

Әлеуметтік желіде балаларға «Қазақша сөйлеңдер» деген бір ауыз сөзінен кейін танымал болған бокс бапкеріне жаңа қызмет ұсынылды.

Қазақ ММА Boxing клубының жетекшісі Мұхит Амантаев Парламентке жиі барып жүр. Ол мәжіліс пен Сенат қабырғасындағы спорттық мәселелерді ортаға салып, талқылауға спикер ретінде қатысып жүр.

Жаттығуға барған балаларға «ана тіліңде тілдесу керек» деп ақыл айтып жатқан үзінді әлеуметтік желіде тез тарап, әлі де қызу талқыланып жүр.

Ал Мұхит Амантаевтың өзі бұлай ғана танымал болуды қаламапты. Ол Парламент алдында журналистке жуық арада Олимпиада чемпонын шығармай қоймаймын деп айтты.

«Қазақ тілі тек қазақ баласына керек. Менің залымның өзі «Қазақ ММА Boxing» деп аталады. Атының өзі қазақ боксы болып тұр. Мен бөтен елде жүрген жоқпын ғой. Өз елім, жерім болғаннан кейін сұраймын. Менің бокс залымда мінетті түрде қазақша сөйлеуі керек», - дейді бапкер Мұхит Амантаев.

ҚазАқпарат