Мемлекет

Балалар әдебиетінің бағы жана ма?

  Балалар әдебиетінің бағы жана ма?

Биыл балалар әдебиетінің жылы деп жүрміз. Оған себепші болған – белгілі балалар жазушысы, Президент сыйлығының иегері Бейсенбай Сүлейменов. Ол кісі биылғы жылдың 5 қаңтарында бұл тақырыпты үлкен мәселе етіп көтеріп, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына: «Балалар әдебиеті әлсіреп, жас ұрпақ рухани аштыққа ұшырап отыр, газет-журналдардың таралымы өте аз, санаулы ғана кітаптар шығады. Өткен жылы балаларға қатысты 5-6 кітап жарық көрді. Бес-алты кітап деген не болады? Сол ұсынысы қолдау тапты.  Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың жүргізуімен онлайн-конференция өтті. Оған әр аймақтан белгілі балалар басылымдарының редакторлары мен балалар жазушылары, кітапхана қызметкерлері мен мұғалімдер қатысты.

        Қазір қазақ басылымдарының барлығының ауруы – таралымның аздығы. Оған өткен жылы үлкен себепші болған коронавирус індеті десек, тағы бір себеп – бірден-бір таратушы ұйымымыз «Қазпошта» дейді балалар жазушылары. «Қазпоштаның» өзі қиын, күрделі жағдайды бастан кешуде. Республика бойынша көптеген ауылдардағы бөлімшелері жабылды. Алматыдан аудан-аудандарға «Жас Алаш», «Егемен Қазақстан», «Айқын» дейсіз бе, басқадай басылымдар дейсіз бе – бәрі жеткізіледі, ал одан әрмен қарай газеттердің таратылуы тіпті қиындайды. Пошта бөлімшелері жабылған, таратушылар жоқтың қасы. Бұрын бір шаруашылықтың үш бөлімшесі болса, үшеуінде үш пошташы қызмет көрсететін, бүгінде сол үшеуінің орнында бір-ақ адам қалған. Оның алатын айлығы 15-20 мың теңге. Қазіргідей қиын, ақша құнсызданған заманда 15-20 мыңға кім жұмыс істейді? Әрі 200-300 үйге ол қайтіп үлгеріп, газет тасиды?

    Кеңес Одағының кезінде мерзімдік басылымдарға қатты мән берілетін. Өйткені олар партия мен үкіметтің саясатын жүргізетін. Осы реттен алғанда, бүгінгі газет-журналдар да Қазақстан мемлекетінің саясатын жүргізіп отырған жоқ па?! Мәселен, «Жыл – он екі ай» журналы жарық көріп жатқан 20 жылдан астам уақыттан бері ұрпақ тәрбиесіндегі рухани құрал ретінде мемлекет саясатын жүргізіп келе жатыр. Балаларды рухани азғындамай, тәрбиелі, тәртіпті, бір-біріне қайырымды, мейірімді болып есеюіне азды-көпті ықпал етуде. Бұл үлкен халықтық мәселе. Ал мемлекеттің басты мақсаты саналы ұрпақ тәрбиелеу емес пе?!, -дейді журнал басшысы. Сіз не дейсіз?  Ой бөлісіңіз?

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Пікір қалдыру