Қымбатшылық қос бүйірден қысып барады. Жыл басынан бері елдегі азық-түлік инфляциясы 20 пайыздан асты.
Нарықта жұмыртқа, өсімдік майы, күріш сияқты тауарлардың бағасы негізсіз өскені байқалады. Мәселен, Семейдегі құс фабрикалары он жұмыртқаны 360-380 теңгеден сатса, бұл баға тұтынушыға жетем дегенше 600 теңгеге өскен. Сондай-ақ шаруаларды субсидиялау екі есеге артса да, олар бағаны 20 пайызға көтеріп жіберген. Осыған байланысты Әлихан Смайылов сала мамандарына шарықтаған баға мәселесін майшаммен қарап, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Бірнеше рет айналым схемасын 100 млрд теңгеге дейін жеткізуді айттық, тапсырдық. Алайда алты өңір осы уақытқа дейін тапсырманы орындаған жоқ. Бұл әкімдіктердің әлсіз жұмысының және Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктері тарапынан үйлестірудің жеткіліксіздігінің көрсетіп отыр. Аталған өңірлер әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын. Сауда комитеті үйлестіру жұмысын жіберіп алды. Сауда және интеграция министрлігіне осы бағытта жетекшілік ететін лауызымды тұлғаларды тәрітптік жауапкершіліктке тартуды ұсынамын. Және сауда комитетінің төрағасын жұмыстан босату керек.
Мемлекеттік органдарда бағаны тұрақтандыру үшін қажеттінің бәрі бар. Алайда азық құнын түсіру қолдан келмей тұр. Сол үшін Үкімет басшысы қияр, қызанақ және жұмыртқа сияқты күрт қымбаттаған өнімдердің құнын тұрақтандыруды тапсырды.
Одан бөлек, субсиядия алған шаруалардың мәселесін қайта қарап, арнайы комиссиялардың мониторингін жүйелі жолға қою қажет екенін айтты.
Ақпарат дереккөзі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через