фото: tula.aif.ru
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын БАҚ-тан естіп қаламыз.
Шенеуніктердің сөзіне сенсек, азық-түлік тауарларына баға белгілеуде делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссия жұмыс істейді, үй жанындағы дүкендердің баға үстемесін сақтауы бойынша мобильді бақылау топтары құрылған. «Азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру - Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың аса маңызды міндеті. Жұмысқа немқұрайлы қарау орын алса және нәтиже болмаса, тиісті шешімдер қабылданады. Бұл туралы бұған дейін де айтылды», — деді Премьер-министр Әлихан Смайылов. Үкімет басшысы бұл шаруаны назарына алған.
Ал іс жүзінде қалай болып жатыр? Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы тұрақталды ма? Жұрттың айтуынша, баға керісінше өсіп жатыр, 3 жыл бұрынғы және бүгінгі бағаны салыстыруға келмейді.
Енді бағаны қалай тұрақтандыруға болады, отандық өнімді қалай көбейтуге, өнім өндірушілерге қандай қолдау көрсетуге болады? Қазақстандықтарды сапалы өніммен толық қамтамасыз етудің жолы бар ма? «Өзекті мәселе» бағдарламасының бүгінгі қонағы, белгілі экономист, сарапшы Мақсат Халық осы тақырыпқа қатысты жеке пікірімен бөлісті.
Фото tula.aif.ru.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через