Азия ойындарына биыл Қазақстаннан 500-ден аса спортшы барады

Азия ойындарына биыл Қазақстаннан 500-ден аса спортшы барады
фото: adilettv.kz

Төрт жылда бір болатын Азия ойындарына биыл Қазақстаннан 500-ден аса спортшы барады. Бірақ, олардың қатары әлі де толығып, өзгеруі мүмкін. Себебі, іріктеу аяқталған жоқ. Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін құрлықтық жарысқа деген дайындық пен болжам қандай?
Римма Волосенко бокстан 60 келі салмаққа дейін Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, әлем кубогінің және Азия ойындарының жеңімпазы. Енді, тағы да сол құрлықтық жарысқа қатысып, жеңісін қайталағысы келеді.
 

Римма Волосенко, Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі:
Біз қазір Алматыда оқу-жаттығу жиынын жүргізіп жатырмыз. Одан кейін мәдениет және спорт министрлігінің көмегімен Қытайда дайындық жүргіземіз. Мұндай мүмкіндіктің пайдасы мол. Тезірек бейімделіп, бабымызға келеміз. Барлық 6 қыз да жеңіспен оралуға бар күш-жігерімізді саламыз.

IXX Азия ойындары 40 спорт түрінен өтеді. Біз соның 33-іне қатысамыз. Биыл брекинг, құзға өрмелеу, джу-джитсу және киберспорт сияқты спорт түрлері қосылды.Олардың барлығынан медальға үміт басым. Себебі, мықты спортшыларымыз бар. Бірақ, бұл азиялық аламан бапкерлер үшін қиынға түсіп тұр. Себебі...

Азамат Имашев, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары:
Азия ойындарымен қатар 9 спорт түрінен әлем чемпионаты өтеді. Сол жағынан да бізге, әсіресе бапкерлерге тактикалық жағынан екі құрам дайындау керек. Жартысын әлем чемпионатына ол жерде де лецензия алады олимпиадаға.

Жалпы, Қазақстан үнемі Азия ойындарынан Қытай, Жапония ждәне Оңтүстік Кореядан кейін 4-інші,5-інші орындарды иеленіп келеді. Тек, 2018 жылы ғана 9-ыншы орын алдық. Болжам бойынша биыл кемі 25 алтын медаль алуымыз тиіс дейді сарапшылар. Қазақстандық жанкүйерлер спорттық сайыстарды ел аумағында «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Сонымен бірге қос арнаның ресми сайттары мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн трансляция жасалады.

Дереккөз qazaqstan.tv