фото: russian.cgtn.com
Қытайдың Ханчжоу қаласындағы XIX жазғы Азия ойындарында қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды.
Азия ойындарында ел құрамасынан Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (57 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Сағындық Тоғамбай (92 кг) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.
Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары төмендегіше:
51 келі. 1/16 финал. Сәкен Бибосынов - Орхонту Оноблд (Моңғолия)
57 келі. 1/16 финал. Махмуд Сабырхан - Ичен Ли (Оңтүстік Корея)
63,5 келі 1/16 финал. Ертуған Зейнуллинов - Обада Алкасбех (Иордания)
71 келі. 1/8 финал. Асланбек Шымбергенов - Сан Ли (Оңтүстік Корея) / Пел Ван (Китай)
80 келі. 1/8 финал. Нұрбек Оралбай - Тоқтарбек Таңатхан (Қытай)
92 келі. 1/8 финал. Сағындық Тоғамбай - Бариахаан Дорж (Моңғолия)
92 келіден жоғары. 1/4 финал. Қамшыбек Қоңқабаев - Данис Латыпов (Бахрейн) / Мохаммед Млайес (Сирия).
Еске салсақ, бүгін Ханчжоуда 19-шы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтеді.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через