Энергетика және коммуникация
Автор: Жұматаева Шынар

Бөлісу

Аязды күндері смартфонды қалай зарядтау керек?

Аязды күндері смартфонды қалай зарядтау керек?

Аязды күндері смартфонды қалай зарядтау керек?

Аяздан жылы ғимаратқа оралғанда, смартфонды бөлме температурасында қалдырып, содан кейін ғана зарядтау керек. «Мегафон» қызмет көрсету бөлімінің басшысы Никита Ефимов - осы саланың маманы. Оның айтуынша, телефонды зарядтау кезінде бірнеше факторды ұмытпаған абзалырақ екен.

«Смартфонды зарядтау кезінде қоршаған ортаның температурасы сияқты факторды да ескеру қажет. Ол +10-нан төмен және +40 градустан жоғары болмауы керек. Сондықтан аяздан үйге кірген кезде асықпаңыз», - деп атап өтті сарапшы.

Бұл ереже жылы мезгілде де қолданылады: құрылғының қызып кетуіне жол бермеу керек. Зарядтау кезінде күн сәулесінде қалдырмаған дұрыс

«Смартфонға қажет шамадан ампері көбірек зарядтау құрылғысын алсаңыз, телефон жылдам қуат алады. Бірақ батарея сыйымдылығы бірте-бірте азая бастайды. Бір жылдан кейін батареяның тозуы анық көрінеді. Мысалы, iPhone-ды iPad сымымен зарядтасаңыз, сіз де батареяны тез «құртатын боласыз», - деп түсіндірді Ефимов.

Телефон қуатын үнемі нөлге дейін түсіре беруге болмайды. Бір сәтте ол қосылмауы мүмкін.

bugin.кз

 

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через