Коронавирустың омикрон штамы Лапландиядағы жаңажылдық маусымның шырқын бұзуы мүмкін.
Туризм саласы мамандарының есебінше, әуе билеттері мен қонақүйге тапсырыс күрт азайған. Әлем елдері жаңа шектеулер енгізіп, қәсіпкерлер қайта табыссыз қаламыз деп қауіптеніп жатыр. Пандемия мен локдаундар жергілікті туризм саласына орасан зор зиян келтірген болатын. Егер 2019 жылы Лапландияға 600 мыңнан астам турист барса, былтыр бұдан алты есе аз болған. Аңыз бойынша Аяз Ата Лапландияда тұрады. Жаңа жыл алдында әлемнің түрлі елінен көптеген адам осында саяхат жасайды. Финляндияда омикрон 7 адамнан анықталды. Жаңа ереже бойынша соңғы екі аптада Африка мемлекеттеріне барып қайтқан адамдар ел аумағына кіргізілмейді.
Ақпарат дереккөзі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через