Ұқсас мақалалар
Канье Уэст танымал рэпер, музыкалық продюсер, әндердің авторы, дыбыс режиисеры және дизайнер ғана емес, кез келген істі дөңгелетіп алып кететін миллиардер.
Алғырлығының арқасында дәулеті 2 млрд долларға жетіп отыр. Оның атқарған ісі көп, соның ішінде аяқ киім желісін жолға қойғанын атап өткеніміз де жөн болар.
Енді ол әлеуметтік желіде автокөлігінің суретін салып, оның астына «Donda Foam. Автокөлігі, АҚШ-та жобаланған және жасалған. Аумин» деп жазып қойыпты. Фотосуреттегі көліктің дөңгелегі әртүрлі және өте үлкен. DONDA көлігі пенопласттан жасалмақ. Тизер туралы ештеңе айтылмаған, бір қарағанда баланың салған суреті секілді. Сенесіз бе, Канье Уэст бұл көлікті жобалауды крассовки дизайнері Стивен Смитке сеніп тапсырыпты. Ол көлік, жиһаз, басқа да заттар шығаратын Donda Industrial Design компаниясын басқаруды осы Смитке міндеттепті. Смит миллиардердің көптен жақсы таныс, сенімді досы болса керек. Әйтпесе, мұндай маңызды шаруаны кез келген адамға жүктемес еді.
Канье Уэст жаңа автокөліктерін сату үшін оның пішінін өзгертіп, түрлі өзгерістер енгізіп жатыр. Негізі әр елдің халқы автокөлік алатын кезде өзінің қалауына, менталитетіне, қалыптасқан өмір салтына қарап таңдау жасайды екен.
Мысалы Қазақстанда және көршіміз Ресейде тұрғындардың дені көлікті салоннан емес, қолдан сатып алады. Олар ең алдымен оның эксплуатация тарихы және соған байланысты тіркелген оқиғаларға көңіл бөледі екен. Мұның бәрі арнайы жүргізілген зерттеуу барысында анықталды. Сауалнамаға қатысқандардың 77 проценті бірінші кезекте жол-көлік оқиғасына қатысының бар-жоғын тексереді екен. 72 проценті бұл көлікке іздеу жарияланғанын анықтауға тырысады. Тағы да 72 пайызы оның кепілде тұрған, тұрмағанын білгісі келеді. Жауап бергендердің 63 пайызы көліктің нақты қанша шақырым жүргеніне, ал 67 проценті өзіне дейін қанша адам бұл көліктің иесі атанғанына назар аударады. Ал әйелдер көлік таңдауға келгенде өте сақ. Олар еркектерге қарағанда салығының бар-жоғын, автомобильдің нарықтағы бағасын білуге тырысады. Олар сонымен қатар, көліктің кепілде тұрған-тұрмағанын алдмен сұрап біледі екен.
Фото: news.myseldon.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через