Жасанды көзді Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауылыңдағы №1 орта мектеп оқушылары ойлап тапқан. Дария Мұстафина мен Әмір Сайранов жобаларын Оқу-ағарту министріне таныстырды, деп хабарлайды Standard.kz порталы.
«Жасанды көзді үнді робототехнигі Канти Шарманың үлгісімен құрастырдық. Бұл жобаны жасауға өзіміздің сыныптасымыздың жағдайы түрткі болды»,– дейді оқушылар.
Әмір мен Дария жобаны 2 айда жүзеге асырған. Енді олар екінші көз протезін жасап, оны ми нейрондарымен байланысын зерттемекші.
15-17 наурыз аралығында заманауи ғылымның ең өзекті тақырыптарына арналған ғылыми жобалардың көктемгі байқауы өтті. Онда 150 жас ғалым жасанды интеллект, робототехника, машиналық ойлау және денсаулық сақтауды енгізу бойынша жүзден астам жобаны ұсынады.
Еліміздің барлық өңірінен 17 тірек ауыл мектебінің оқушылары өз жұмыстарын таныстырады. Олар 3D биопринтингке, ақылды протездер жасауға, биоинтерфейстерге және заманауи медицинаның басқа да өзекті басымдықтарына арналған.
Фото: eyeinst.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через