Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде 2023 жылы 16 ақпанда, сағат 15.00-де Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына арналған «Ауғанның отты жалыны» көрмесі ашылады.
Кеңес әскерлері Ауғанстан жерінде ауыр да азапты тоғыз жыл бойы – 1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін болды.
Ауғанстанда КСРО-ның 620 мыңға жуық, соның ішінде қазақстандық 22 мың адам әскери қызметтерін өтеді.
15 526 адам, соның ішінде қазақстандық 924 қаза тапты, алған жарақаттарынан және аурулардан қайтыс болды.
333 адам (КСРО Қорғаныс министрлігі Бас Штабының деректері бойынша), соның ішінде қазақстандық 21 адам хабар-ошарсыз жоғалды және тұтқынға түсті.
Ауғанстан соғысы Кеңестер Одағына ешбір ар-абырой, данқ әкелген жоқ.
Құрбан болғандардың туыстары мен жақындары үшін бұл қасіретті соғыс 1989 жылы 15 ақпандағы әскерлердің шығарылуымен де аяқталған жоқ. Ол тіпті уақыттың өзі де емдеуге дәрменсіз қансыраған жара болып қалып отыр. Осы қантөгісті оқиғаның тәжірибесі әр мемлекет пен халық өздерінің ішкі істерін өз халықтарының пайдасы мен игіліктері үшін дербес түрде шешуге үндеген қайталанбас сабақ болды. Шайқас шебінде соғысты тұтандырушылар емес, майдандағы жауынгерлер қаза болды. Біздің көрмеміз нақ осылар хақында.
Көрменің мақсаты – Ауғанстан соғысы туралы шындықты жеткізу, жауынгерлер мен жастардың жаңа лек ұрпағын Ауғанстанда шайқасқан солдаттар мен офицерлердің патриоттық үлгісінде тәрбиелеу, сондай-ақ, соғыс саяси проблемаларды шешудің тәсілі емес екендігі туралы ұғымды қалыптастыру.
Экспозицияға Ауғанстанда шайқасқан, құрбан болған және осы отты кешуден аман қалған қазақстандық жауынгерлер мен офицерлердің деректі материалдары (оқиғалардың куәгерлері мен қатысушыларының фотосуреттері, хаттары, куәліктері), наградалары мен жеке заттары қойылды. Көрмеге келушілерді, әсіресе, кеңес жауынгерлері мен офицерлерінің, сондай-ақ олардың қарсыластарының әскери киім-мүліктері айрықша қызықтырары сөзсіз.
Көрме Қазақстанның «ЖАУЫНГЕРЛІК БАУЫРЛАСТЫҚ» жергілікті соғыстар мен әскери қақтығыстар Ардагерлері Одағының және Алматы қаласындағы Ауғанстан соғысы ардагерлері Одағының белсеңді түрде қатысуымен дайындалды.
Көрме 2023 жылдың 5 наурызына дейін жалғасады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через