Атырауда үйлер опырылып ортасына түскен…

Атырауда үйлер опырылып ортасына түскен…
фото: Алмас ҚАБДОЛОВ Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Атырауда көп балалы ана Амангүл Қанатованың тұрып жатқан үйі жерасты суының әсерінен опырылып ортасына түскен. Қыстың көзі қырауда Қайыршақты ауылдық округіндегі «Жұлдыз-1» шағынауданының тұрғындары жерасты суының көтерілу себебінен баспанасының дымқыл тартқан қабырғалары үгітіліп, аулада аяқ басып жүретін жер қалмағанына ренжулі. Бірнеше жылдан бері кәріз бен дренаж жүйелерін тартуды талап етсе де, тұрғындардың бұл әрекеті әлі күнге дейін орындалмай отырған көрінеді.

Абырой болғанда желтоқсанның соңында құлаған баспанада тұратын А.Қанатованың ұлы сол күні отбасымен үйде болмаған. Орын алған төтенше жағдайға ашынған шағынаудан тұрғындары дәл осы жайттың тағы да қайталанып, қауіп төндіруі мүмкін екенін айтып, әкімдіктегілерге базынасын жеткізген. Алайда олардың тарапынан ешқандай шара қолданылмаған. Ал жергілікті мамандар ешбір құрылыс жүргізілмей тұрғанда-ақ «Жұлдыз-1» шағынауданында жерасты суының деңгейі 4,5-6 метр тереңдікте болған дейді. Топырағы сазды, су өткізгіштігі төмен, жер бетінің суы ағып кететін мүмкіндігі жоқ жерлерде құрылыс жүргізілсе, жерасты суының көтерілуі заңдылық. Мұндай жағдай қазір «Өркен», «Балауса», «Сарықамыс», «Мирас», «Жұлдыз-2» шағынаудандарында да байқалып отыр. Бүгінде «Жұлдыз-1» ауданында 100-ден астам үйдің 300-ден астам тұрғыны жерасты суының зардабын шегіп отыр.

Atr.kz