фото: Google
Атаулы әлеуметтік көмек тек мұқтаж адамдарға тағайындалады
Көмекке мұқтаж отбасыларға кешенді қолдау көрсетудің нақты регламенті әзірленеді. Атаулы әлеуметтік көмек тек мұқтаж адамдарға тағайындалады. Атаулы әлеуметтік көмек толығымен трансформацияланады, енді ол тек мұқтаж отбасыларға тағайындалады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, 2019 жылы атаулы әлеуметтік көмекті 2,2 млн адам алған. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және отбасыларды өмірлік қиын жағдайдан шығару, мемлекет пен көмек алушылардың өзара міндеттемелерін қолдану бойынша белсенді шаралардың арқасында олардың саны былтыр шамамен 600 мың адамды құрады. Жақыпова Отбасының цифрлық картасын пайдаланып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен интеграциялау арқылы атаулы әлеуметтік көмекті толығымен трансформациялау жоспарланып отырғанын атап өтті.
"Бұл қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында әлеуетті көмек алушыларды, бюджеттің шығыс бөлігін айқындауға мүмкіндік береді. Көмекке мұқтаж отбасыларға кешенді қолдау көрсетудің нақты регламенті әзірленеді", – деді Жақыпова еңбек министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.
Оның айтуынша, АӘК трансформациясының барлық процесінде адам факторын болдырмау үшін цифрландыру негізгі компонент болады. 2023 жылы 114,1 мың отбасындағы 598,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Осы мақсатқа бюджеттен 57,4 млрд теңге жұмсалған.
Ernur.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через