2022 жылдың 8 қазан күні Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында «Қазақстанның үздік тауарлары» көрмей байқауы ұйымдастырылды. Еліміздің әр аймағында өткен осындай конкурстың жеңімпаздары елорда тұрғындары мен қонақтарына сапалы өнімдерін ұсынды. Кәсіпкерлердің арасында Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғыны Бибасаров Әміртай Шілдеханұлы да болды.
«Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің» демекші, бірді екі етіп, қолда бар құрал-жабдығын кәдеге жаратып отырған кәсіп иелерін көргенде, жүрегің жылиды.
Әміртай Шілдеханұлы жетекшілік ететін «Арай» өндірістік кооперативі аяқ-киімнің 600 түрін шығарады. Әміртайдың атасы Бибасар ұста, қолөнерші болған.
«Осы ата-кәсіпті мен жалғастырып жатырмын. Ұлым да менің жолымды қуып келеді. Ол Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы факультетінде білім алып жатыр. Ол жақында Италияға жол жүреді, сол жақта білімін жетілдіріп, былғарыдан сапалы әрі сәнді аяқ киім тігуді толық меңгеріп келеді» дейді Әміртай Бибасаров.
«Арай» өндірістік кооперативі шығаратын сапалы аяқ-киімді алғыңыз келсе, хабарласыңыз. Мекен жайы: Түркістан облысы, Арыс қаласы. Майлықожа көшесі, 38 үй. Егер басқа қалада тұратын болсаңыз, Қазпошта арқылы алдыра аласыз. Байланыс телефондары 87013620216, 87053500464.
Әміртай Шілдеханұлы айналысып дамытып отырған етікшілік өнері – екінің бірі қолы бара бермейтін кәсіп түрі. Бұл да шеберлік пен аса ыждаһаттылықты қажет етеді.
Ендеше отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсетейік!
Фото: 13idei.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через