Ашық есік күні өтті

Ашық есік күні өтті

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалы Медеу аудандық фронт-офисінде филиал башылығы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті

Шара басталмас бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшылары өзара іс-қимыл жөніндегі әріптестік Меморандумға қол қойды.

Шара қала тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді алудағы түйткілді сұрақтарына жауап беру, құқық бұзушылықтарға төзбеу қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Қоғамдық қабылдауға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы департаментінің басшысы Үйсімбаев Ильдар Бахытұлы, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Кулдашов Абдурасул Мақсұдұлы, директор орынбасары Болатбекова Әсем Болатбекқызы, департаменттің бас маманы Жаңбыршиев Мақсат Мұратбекұлы қатысып, қызмет алушылардың сұрақтарын тыңдады, проблемаларының шешілуіне ықпал етті.

«Бүгінгі қол қойылған Меморандум шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» МК филиалы фронт-офистерінен көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттану деңгейіне мониторинг жүргізуге жәрдемдесу, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде және мемлекеттік органдардың артық құжаттарды талап ету фактілерін бақылау бойынша, АвтоХҚО-ларда орын алатын заңсыздықтардың алдын алу бойынша бірлесе жұмыс істеуді жоспарлаудамыз.Халық үніне бірлесе құлақ асып, жастар арасында мемлекеттік қызметтерді онлайн алуды үйрететін боламыз»,- дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы департаментінің басшысы Ильдар Үйсімбаев.

Қоғамдық қабылдау арқылы азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастырып, уәкілетті органдарға жеткізуге мүмкіндік туады дейді ұйымдастырушылар.

«Қоғамдық қабылдау – халықпен тікелей өзара іс-қимыл және диалог форматы. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалының фронт-офистерінде қоғамдық қабылдаулар жиі ұйымдастырылып түрады. Іс-шаралар Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүргізілуде. Осылайша қала тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді алуда кездесетін мәселелерінің кедергісіз шешілуіне ықпал етеміз», - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.

Алматы қаласының Медеу аудандық ХҚО-да өткізілген қабылдауға 30-ға жуық қызмет алушылар жүгінді. Сұрақтар әр түрлі болды, олардың кейбіреулері уәкілетті органдардың құзыретіне жатпайды. Дегенмен, барлық келушілер көмекпен, соның ішінде заңды көмекпен қамтамасыз етілді.

      Иә, мемлекет басшысының «Біз өз қызметімізде, ең алдыменқарапайым азаматтардың сұранысы мен мұң-мұқтажын басшылыққа алуымыз керек.Халықтан жоғары және халықтан биік тұрған ешкім де, ештеңе де жоқ», - деген сөзін әрбір мекеме басшылыққа алып жатса, қоғамның да жаңарары сөзсіз. Билік пен қоғамның тұрақты диалогы арқылы ғана үйлесімді мемлекет құруға болады.