Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соққан голы үздік деп танылды

Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соққан голы үздік деп танылды
фото: https://smartnews.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соққан голы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысындағы үздік гол атанды. Бұл туралы Azattyq Rýhy сайты жазды. Ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыберген 26 наурыз күні Қазақстан мен Дания арасындағы кездесудің 86-минутында қарсыластар қақпасына гол соққан еді. Сол ойында Қазақстан құрамасы 3:2 есебімен жеңіске жетті. УЕФА-ның техникалық қадағалаушы мамандары бұған дейін құрлықтық доданың іріктеу сатысындағы үздік он голды анықтаған болатын. Олардың шешімімен Асхат Тағыбергеннің алыстан соққан голын сегізінші орынға лайықты деп танылды. Алайда жанкүйерлердің дауыс беруі бойынша, ол бірінші орынға шықты. Екінші және үшінші орындарға Албания құрамасының ойыншылары Ясир Асани мен Кристьян Асланидің соққан голдары лайықты деп бағаланды. 

ҚазАқпарат