Астанада шахматтың «алтын тәжі» үшін өткен матч аяқталды

Астанада шахматтың «алтын тәжі» үшін өткен матч аяқталды

Астанада бір айдай уақытқа созылған шахматтың «алтын тәжі» үшін өткен матч аяқталды. Қытайлық гроссмейстер Дин Лижэнь шахматтан әлемнің 17-чемпионы атанды.

Сонымен бірге, оның қанжығасында жарыс жүлде қорының 60 пайызы яғни 1 миллион 200 мың еуро кетті. Ал Фиде атынан қатысқан Ян Непомнящий қалған қаржыға ие болды. Марапаттау рәсімінде қос шахматшыға қазақтың шапанын жауып, құрмет көрсетілді.

Жалпы классикалық шахматтан өткен матч 14 партияға жоспарланған еді. Алайда, қос гроссмейстер 7:7 есебімен тең түсті. Сондықтан ойын әрі қарай тай-брейкпен жалғасты. Олар төрт партия шахматтың рапид түрінен өзара мықтыны анықтады. Үш партия бойы тең есеп тіркелді. Соңғы кезеңде қытайлық Дин Лижэнь Ян Непомнящийден мықты екенін дәлелдеді.

Фото mk.ru