Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтеді, жүлде қоры – 2 млн доллар

Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтеді, жүлде қоры – 2 млн доллар

7 сәуір мен 1 мамыр аралығында Астана қаласында шахматтан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Standard.kz порталы Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап.

«Нағыз керемет жаңалығымыз бар! 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында Астанада шахматтан 2023 жылғы әлем чемпионаты өтеді.

ФИДЕ классикалық шахмат чемпионатының бас демуші серіктесі – Freedom Holding Corp. Ал, турнирдің жүлде қоры – 2 миллион доллар», - деп жазды федерация әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алдағы әлем чемпионатында 2022 жылғы үміткерлер турнирінің жеңімпазы Ян Непомнящий мен үміткерлер турнирінде екінші орын алған Дин Лижэнь шахмат тәжі үшін таласады.

Фото: Sputnik Казахстан.