фото: pixabay.com
Елордада қайталама нарықтағы тұрғынүй бағасы 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығындағы жылдық көрсеткіш бойынша 5,3%-ке төмендеді.
Осы кезең қорытындысы бойынша бағаның төмендеуі 2017 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр. Оған Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Бірінші кредиттік бюро деректері дәлел.
2023 жыл қорытындысы бойынша қайталама нарық бағасы төмендеген жалғыз қала – Астана болып шықты.
Желтоқсанда баға 7,8%-ке төмендеді, бірақ өткен кезеңдерде баға өскендіктен бірнеше жыл бұрынғы көрсеткіштен жоғары болып тұр. Мәселен, 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы өсім – 50%.
12 айдың қорытындысы бойынша бірінші нарықтағы үй 6,7%-ке, желтоқсанда жылына 3,4%-ке қымбаттады.
Екінші нарықтағы үй жалпы 1,8%-ке, 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,7%-ке арзандады. Айтпақшы, кейінгі айда өткен жылмен салыстырғанда Алматыда да баға төмендегені байқалған (-3,8%).
2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы жалға алу бағасы өткен жылмен салыстырғанда 16,4%-ке қымбаттады, ал жылдық көрсеткіште баға 1,6%-ке өсті.
Дереккөз inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через