фото: Baq.kz
Жәрмеңкеге құрылыс, білім, медицина, сауда, көлік-логистика, қаржы саласындағы жұмыс берушілер қатысты.
Астана қаласында «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ 3 тамызда сағат 14:30-17:00 «Жастар» сарайында өтетін «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» ұйымдастырды.
Жәрмеңкеде қала аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы тұрақты және уақытша жұмыс орындарына бос жұмыс орындары ұсынылды.
Жәрмеңкеге құрылыс, білім, медицина, сауда, көлік-логистика, қаржы және т.б салалардағы жұмыс берушілер қатысты.
Сондай-ақ, іс-шара аясында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс», «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалар кәсіптік оқыту және «enbek.kz» порталымен жұмыс істеу жөнінде кеңес беру бойынша Мансап орталықтарының мамандарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через