Астанада бас шыршаның шамы жағылды

Астанада бас шыршаның шамы жағылды
фото: Астана әкімдігі

          Бүгін Астанада елорданың бас шыршасын жағу іс-шарасы салтанатты түрде өтті. Іс-шараға шамамен бес мыңға жуық адам қатысты.

Шыршаның биіктігі — 25 метр. Ол жеңіл сәнді ойыншықтармен, өрнектермен, строб шамдарымен, түрлі-түсті гирляндамен безендірілген.

Сол сияқты 2 метр болатын жарық шашатын қар ұшқыны көрініс тапқан.

ЭКСПО аумағында өткен шырша жағу рәсімінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама, жаңажылдық жәрмеңке, слайдтар, мұз айдыны, лабиринт, фуд-корт, арнайы тақырыпқа арналған фотоаймақтар ұйымдастырылды.

ҚазАқпарат