Астанада Азия чемпионаты өтеді

Астанада Азия чемпионаты өтеді

       Елордада 10-12 ақпан аралығында жабық алаң­дағы жеңіл атлетикадан Х Азия чемпионаты өтеді.

       Qazaqstan жеңілатлетикалық спорт кешенінде өтетін турнирге 30-дан аса елден 500-ден астам спортшы қатысады. Жарыс 2023 жылы Азия жеңіл атлетика қауым­дастығының күнтізбесін­дегі ең маңызды іс-шаралардың бірі болып саналады.

       Айта кетейік, жабық алаңда жеңіл атлетикадан Азия чем­пио­наты ТМД елдерінің аума­ғында алғаш рет өткізіліп отыр. Спортшылар жеңіл атлетиканың 26 түрінен өнер көрсетеді, олар­дың арасында жүгіру, лақтыру, секіру және көпсайыс бар.

       Жарыстың ашылу салта­натына Азия жеңіл атлетика қауымдастығының президенті Дахлан Әл-Хамад, ҚР жеңіл атлетика федерациясының пре­зиденті Даниал Ахметов, Азия жеңіл атлетика қауымдастығы кеңесінің мүшелері, Азия елде­рінің ұлттық федерацияларының басшылары, сондай-ақ еңбек сіңірген спортшылар мен еліміз­дің спорт қайраткерлері қа­тысады.

       Aikyn.kz