Астанада алғаш рет дзюдодан гранд-слэм бәсекесі өтеді

Астанада алғаш рет дзюдодан гранд-слэм бәсекесі өтеді

Әлем үздіктері елордада басқосады. Мұнда бірер күннен кейін дзюдодан гранд-слэм бәсекесі өтеді.

Айта кету керек, еліміз бұндай деңгейдегі доданы алғаш қабылдағалы тұр. Қазірдің өзінде 45 елден 400-ге жуық қатысушы келетіні белгілі. Жарыс жақындаған сайын олардың қатары артуы мүмкін.

Әлемдік аламан Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді. Ал жаттығу жұмыстары Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады.

Қазір бұнда Ерлан Алпысбаев баптайтын ұлттық құраманың қыздары жиналып, жарыс алдындағы дайындықты пысықтап жатыр. Бас-аяғы 30-ға жуық бұрымды бар. Гранд-слэм бәсекесінің ерекшелігі қабылдаушы мемлекет әр салмақта 4 спортшыдан татамиге шығара алады. Бұл жас дзюдошыларымыз үшін керемет мүмкіндік дейді бас бапкер.

Ерлан Алпысбаев, дзюдодан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері: - Қазақстанның ерлер құрамасы бірер күннен кейін қатарға қосылады. Гранд-слэм бәсекесіне дейін басқа елдердің қыз-жігіттерімен бірлескен жаттығу жиындарын өткізу жоспарланып отыр. Әлемдік аламанның өзі 16-шы және 18-ші маусым аралығында болады.

Дереккөз .24.kz. Фото ijf.org