Арықтаудың ең тиімді әдісі

Арықтаудың  ең тиімді әдісі
фото: https://sputnik.kz

 

Арықтаудың  ең тиімді әдісі

Артық салмақтан арылу үшін тамақ мөлшерін күрт шектеудің орнына "тамақтанудан ләззат алу" уақытын кейінге қалдырып үйренген жөн. Көктемде көп адам артық салмақпен белсенді күресе бастайды. Олар жаз жеткенге дейін дене бітімін қалыпқа келтіруді көздейді.

Мамандардың  айтуынша, көп адам тамаққа үрке қарап, мөлшерін күрт шектеп тастайды. Мұндай жағдайда адам артық келіден тиімді арылуы мүмкін емес. Себебі, жейтін тамақ көлемін біресе тым азайтып, біресе шамадан көп жеп қояды.

Дұрыс тамақтану бойынша маманның пікірінше, "тамақтан ләззат алуды" кейінге қалдырып, тәтті немесе зиянды басқа арналған арнайы күн белгілеп қойған абзал.

"Мұндай шектеуі бар, шектеулі неврозға ұшырағандар "ләззат алу күнін" ұйымдастыра алады. Оны артық салмақтан арылу жылдамдығына байланысты аптасына немесе екі аптада бір рет өткізуге болады. Егер екі аптада бір рет тамақ мөлшерін және құрамын шектемесе, онда салмақ әлдеқайда жылдам кетеді", - делінген мамандар пікірінде.

Оның пікірінше, мұндай әдіс тамақ алдындағы қорқынышты бәсеңдетуге әкеліп, адамды тамаққа щыдамды болуға дағдыландырады.

Мәтіндегі ақпарат туралы