AQYL мемлекеттік білім жинақтау депозиті

AQYL мемлекеттік білім жинақтау депозиті

       Қазақстанда 14 мың ата-ана баласы өскенде ЖОО-да білім алуы үшін депозитке ақша жинап жатыр. Елімізде 14 149 AQYL мемлекеттік білім жинақтау депозиті ашылған.

       Бұл депозиттің мақсаты – оқу ақысын төлеу үшін ақша жинақтау.

       Бастапқы жарна - 3 АЕК, яғни 10 350 теңге.

       Жинақтау мерзімі 3 жылдан 20 жылға дейін.

       AQYL білім депозитін ашу үшін екі құжат қажет: ата-аналарының бірінің жеке куәлігі және баланың туу туралы куәлігі мен ЖСН.

       Салымшы білім грантына ие болса, депозиттен жинақты алуға, ақшаны басқа баланың атына аударуға және білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыруға құқылы.

       ҚазАқпарат