Ақтөбеде 19 жастағы қазақстандық теннисші ширек финалға шықты

Ақтөбеде 19 жастағы қазақстандық теннисші ширек финалға шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

       Қазақстандық Арысланбек Айтқұлов Ақтөбеде өтіп жатқан ITF World Tennis Tour турнирінің ширек финалына шықты.

       Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, 19 жастағы қазақстандық спортшының АТР рейтингісінде орны болмаса да, күтпеген жерден осы жарыстың сегізінші, әлемнің 845-ракеткасы, жапониялық Казума Кавачиді ұтып кетті.

       Қарағанды теннис мектебінің түлегі азулы қарсыласын 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

       Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Арысланбек 10 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгел пайдаланды.

       А.Айтқұлов жартылай финалға шығу үшін Беларусь өкілі Александр Биндамен таласады.

       Еске сала кетейік, бұдан бұрын Гөзал Айнитдинованың Астанадағы турнирдің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

       Сондай-ақ Александр Бублик Индиан-Уэллс мастерс турнирінде жеңіліп қалды.

       ҚазАқпарат