Дала сахнасының жарылған жерін кездейсоқ куәгер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.
Енді шаһар тұрғындары концерт кезінде адамдардың салмағын көтере алмай, сахна опырылып құлауы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Ол жерді қала әкімдігінің қызметкерлері барып қарады. Айтуларынша, жауын-шашыннан кейін жөндеу жұмыстары басталады. Мәдени нысан 2018 жылы инвестициялық қаржыға салынған болатын. Ұзындығы 70 метрлік дала сахнасында бір мезетте мың адам өнер көрсетеді.
Ғалымжан Серікбаев, "Ақтау қалалық " ММ басшысы:
- Алдында жаңбыр жауды, қар жауды. Содан кішкене түсіп кеткені ғой бетон жабындылары. Мердігер мекемеге айтылды. Өз қаражаты есебінен жөндейтін болады тез арада. Қазіргі таңда қоршауын жауып қойдық, адамдарға қолайлы жағдай жасау үшін. Ешқандай қауіп жоқ.
Ақпапарт дереккөзі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через