Ақтауда стихиялық полигондардан қалаға қауіп төніп тұр
Ақтау қаласының ауасына жүргізілген зертханалық талдауда зиянды заттардың шектен тыс көп мөлшері анықталған. Ауа концентрациясында жағымсыз иіс шектен тыс мөлшерде болған. Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарының шағымынан кейін жедел мониторинг жүргізген болатын. Экологтар жағымсыз иіс Қошқар ата қалдық қоймасы ауданындағы ескі полигондағы қалдықтардан шығып жатқандығын айтады. Полигон аумағы апатты қоқыс орнына айналды. Мұнда тұрғындар қара металл іздеп полигонды қазады, нәтижесінде ауаға жағымсыз иіс шығады. Мамандар ауаға зертханалық талдау жүргізіп, зиянды заттардың көп таралуда деп жеткізді.
"Стихиялық полигондар эпидемиологиялық қауіп төндіреді. Олар қоршаған ортаны ластаудың маңызды көзі болып қала береді. Жағымсыз иіс желмен ұзақ қашықтыққа таралады және бірнеше шақырым радиустағы барлық тіршілік иелерін уландырады. Ингаляциялық ауа адамдардың улануына әкелуі мүмкін. Бұл аймақтар улы және адам денсаулығына қауіпті. Экологтар қала әкімдігімен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп бұл мәселені шешу үшін шаралар қабылдайтындығын хабарлады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через