фото: stranabolgariya.ru
Ақтау қаласында Каспий теңізіндегі су жыландары жағалауға шығып жатыр. Тұрғындар әлеуметтік желіде бауырмен жорғалаушылар түсірілген видеоларды жариялауда.
Ал "Экожер" қауымдастығы Маңғыстау облысы бойынша аймақтық экологиялық кеңесінің мүшесі Әділбек Қозыбақов су жыландарының адамға зияны жоғын айтып отыр.
«Қазір олар қыстауға дайындалып, топтасып жатыр. Кейбір топтарда су жыланының саны 200-ге дейін болуы мүмкін. Олар қазан айында, кейде күн жылы болса қарашада да осылай бой көрсетуі ықтимал», – деді ол.
Экологтың дерегіне сүйенсек, су жыландары ұсақ балықтармен қоректенеді. Алайда, ыңғайы келсе ұсақ кеміргіштерді аулауы мүмкін екенін айтады.
«Тышқан сияқты ұсақ кеміргіштерді де аулайды. Олар су тазалығының индикаторы саналады, себебі лас суда мекендемейді. Ал Ақтау қаласының теңіз жағалауында дератизация кезінде уланып өлген егеуқұйрықпен қоректенсе, олар да улануы ықтимал», – деді Әділбек Қозыбақов.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через