АҚШ Қаржы министрлігінің (OFAC) Шетелдік активтерді бақылау басқармасы "Қазақстанға көшіп келген ресейлік азаматтардың "МИР" жүйесінің банктік карталарын олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін транзакцияларды жүзеге асыруға пайдалануына қарсы емес" екенін білдірді
Бұл туралы ведомствоның қазақстандық бақылаушы органдарға жолдаған хатында айтылған.
Бұл ретте, хатта осы төлем жүйесімен жасалатын операциялар Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту үшін оны пайдалануға жол бермеу мақсатында ерекше бақылауда қалатыны атап өтілген.
Осылайша, қазақстандық банктер "МИР" карталары бойынша төлемдерді, аударымдарды қабылдауға, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін банкоматтар арқылы қолма-қол ақша беруді жүзеге асыруға құқылы.Сонымен қоса "МИР" жүйесіне қосылу туралы шешімді қазақстандық банктер өздерінің даму стратегиялары мен тәуекелдерді бағалаудың ішкі жүйелері негізінде дербес қабылдайды.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через