Қоршаған ортаны ластағаны үшін «ҚазАзот» мекемесіне 6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті «ҚазАзот» АҚ-ға жоспардан тыс тексеру жүргізіп, аммиак көлемі рұқсат етілген шекті концентрациядан асып кеткенін анықтады.
Тексеру Басқұдық ауылы тұрғындарының шағымы бойынша жүргізілген.
«Департамент мамандары су сынамаларын алып, атмосфералық ауаны өлшеді. Жүргізілген талдау нәтижесі судың құрамындағы зиянды заттардың және атмосфералық ауадағы аммиак нормаларының рұқсат етілген шекті концентрациядан асып кеткенін көрсетті»- деді Маңғыстау облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Мақсат Айсин.
Аталған экологиялық заңнаманы бұзу фактілері бойынша «ҚазАзот» мекемесі кімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ кәсіпорынға заңбұзушылықты жою жөнінде нұсқама берілді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Фото: lada.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через