Алматы қаласы Экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті қала тұрғындарына көшет тарату науқаны басталғанын хабарлады.
Көпқабатты үйлердің аулаларын және басқа да ортақ пайдалану орындарын көгалдандыруды қалайтындар қарағаш, сәнағаш (катальпа), шаған, қайың көшеттерін тегін ала алады.
Өтініштер 2023 жылдың 15-24 наурызын қоса алғанда қабылданады.
Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін көшеттерді тарату сәуір айының демалыс күндеріне жоспарланған.
Бір адамға 20 көшеттен артық берілмейді.
Фото Zakon.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через