Алматыға жылу қашан беріледі?

Алматыға жылу қашан беріледі?
фото: freepik

"Алматы жылу желілері" ЖШС Алматыда жылу беру маусымы қашан басталатынын айтты.

Компания мәліметінше, қалада жаңа жылу маусымының ашылуы метеорологиялық болжамдар мен ауа райына күнделікті мониторинг негізінде анықталады.

"Алматы қаласында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, уәкілетті органның қаулысымен сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы бес күн ішінде +8 градус және одан төмен болған кезде объектілерді кезең кезеңімен қосу басталады", - делінген хабарламада.